Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданындағы «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» көптеген игі шаралардың ұйытқысы болып келеді. Музей қызметкерлері тек облыс көлемінде ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінде де жылжымалы көрмелер ұйымдастырып жүр. Жуырда ғана осындай игілікті шара өтті. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында, Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданынының «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» РМҚК ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы «Абылай хан Резиденциясы мұражай-кешенінде» «Фараб-Отырар өркениеті» тақырыптық жылжымалы көрмесі ашылды. Көрменің мақсаты мұражай қорындағы асыл жәдігерлерімізді көпшілік назарына ұсына отырып, Отырар өңірінің ортағасырлық тарихын Қызылжар халқы мен қонақтарына насихаттау.
Аталған іс-шараға облыстық мәдениет басқармасы және қалалық мәдени мекемелердің басшылары, жоғары оқу орындарының студенттері, жергілікті өлкетанушы тарихшылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған жылжымалы көрмені тамашалауға келген көпшіліктің қарасы қалың болды. Аталған көрме жұмысы қазан айының соңына дейін жалғасын таппақ.
Связанные истории
13.09.2024
271822