Оңтүстiк Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен өңiрiмiздегi этномәдени бiрлестiктiң төрағалары мен жастар қанатының жетекшiлерi тарихи, киелi орындарға сапарлады. Бұл сапар Елбасының бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның қасиеттi рухани құндылықтары» жобасын iске асыру мақсатында ұйымдастырылды
Этнографиялық экспедиция мүшелерi алдымен Ордабасы тауына барды. Төбенiң тарихымен танысып, бабалар рухына Құран бағыштады. Облыстық ассамблея төрағасының орынбасары Мұратәлi Қалмұратов «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының мұражайына көне тұрмыстық бұйымдар мен кiтаптар табыс еттi.
Одан кейiн экспедиция мүшелерi Отырар ауданына ат басын бұрды. Мұнда оларды аудан әкiмiнiң аппарат басшысы Абай Құрман бастаған топ күтiп алып, ежелгi Отырар қалашығына, Арыстан баб кесенесiне апарды.
Содан соң экспедиция мүшелерi елiмiздiң рухани астанасы – Түркiстан қаласын бетке алды. Мұнда алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесiне бас сұғып, киелi шаһардың тарихына қанығып, Сауран қалашығына аттанды. ХII ғасырда iрi сауда орталығы ретiнде iргетасы қаланған ежелгi қаланың орнымен танысты. Айта кетерлiк бiр жайт, көне қаладағы археологиялық жұмыстар шамамен 50 гектарды құрайтын территорияны алып жатыр. Археологиялық жұмыстар «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберiнде жүргiзiлуде.+
Экспедция мүшелерi киелi орындармен танысу арқылы қазақтың бай тарихына да қанықты. Мұндай тағлымы мол шара алдағы уақытта да жалғасын тауып, тарихи орындарға әр этномәдени бiрлестiктердiң саяхаттарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Ерболат АЙНАБЕКОВ