«Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – та¬быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет-кіш¬терінің бірі-деп білетін «Ерлік» музейі ашық аспан астында, бейбітшілік заманда, тұғырлы Тәуелсіздіктің дәуірінде ұлт мақтаныштарын, еселі еңбегімен ел-жұрттың құрметіне бөленіп жүрген азаматтардың ғана емес, сонымен қатар, еңбектің қазанында қайнаған бойжеткендердің де өнегелі өмірін өскелең ұрпаққа насихаттап, дәріптеп жүр. Күні кеше ғана Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ерлік» филиалы мен Түлкібас ауданының әкімдігі бірлесе отырып, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жердің тұлғасы» және «Ерлік» музейінің «Ата-бабалар аманаты — елдік пен ерлік, бірлік пен ынтымақ» жобасына сәйкес, Тыл және Еңбек ардагері, «Алтын алқа иегері», «Алтын қол шебері», «Батыр ана», сексен жастың сеңгіріне шыққан ел анасы Бақтыбаева Қадиша Өмірәліқызына арналған «Өмірінің өзі — өнеге» тақырыбында сәрсенбілік сырласу сағатын өткізді. Қадиша Бақтыбаеваның 60-қа жуық жәдігерлерлерінен арнайы көрме жасақталып, экскурсия жүргізілді. Кеш кейіпкерімен сырласу сағатына 100-ге жуық қонақтар қатысып, рухани жаңғыруды талқылады. Жастайынан еңбектегі ерлікті көрсеткен Қадиша Бақтыбаеваның өнегелі өмірі дәріптеліп, еселі еңбегі насихатталды. Әуезді әсем әндер айтылып, тағылымды көріністер көрсетілді. Берер тәлімі мен тәрбиесі мол іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар Құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері, Республикаға танымал айтыскер-ақын Нұрлан Есенқұлов, Түлкібас ауданының әкімдігі, Аудандық-аймақтық ардагерлер кеңестері, Әжелер алқасының төрайымдары, сондай-ақ С.Рақымов атындағы мектептің ұжымы мен оқушыларының қатысуымен өтті. Ағаларымызды ұлағаттап, Апаларымызды ардақтаған ел емеспіз бе?! Тағылымы мол осындай жиындар жалғасын табарына сенімдіміз.
Связанные истории
13.09.2024
271474