Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында «Туған жер алтын бесігім» фестивалі аясында Сарыағаш ауданының мәдени күндері өтті. Сарыағаштықтардың сәлемі Облыстық «Отырар» кітапханасында бастау алды. Кітапханаға жиналған қауым ең әуелі «Суы шипа, жемісі бал, құтты мекен – Сарыағаш» атты кітап көрмесінің тұсауы кесер рәсіміне қатысты. Мұнда Сарыағаштан шыққан ақын-жазушылардың 200-ге жуық кітаптары қойылған. Іс-шара әрмен қарай Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұрат Бекейдің шығармашылық кешімен жалғасын тапты. Қаламгермен кездесуге келген көпшіліктің қарасы қалың. Келелі жиында түрлі тақырыптар талқыланып, ақын оқырмандармен әңгіме өрбітті. Сарыағаш ауданының мәдени күндері облыстық Отырар ғылыми – әмбебап кітапханасында бастау алды. Жергілікті ақын, жазушылардың кітаптары үлестіріліп, кітап қоры байытылды. Одан соң, ауданның тумасы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын Мұрат Бекейдің шығармашылық кешімен жалғасты. Ақынның өлеңдері кеңінен таныстырылып, кітап деген рухани қайнардан нәр алуға үндеді. Мұрат Бекей – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын «Шынында да, еліміздің экономикасы еңсесін тіктеген сайын еліміз осы рухан руханиятқа бет бұрып, қызығушылықтары да артып келеді. Ақын, жазушылар бір кездері алыстап қалған бір-бірімен кездер болған. Енді бірте-бірте жақындасып келе жатыр. Солай болуы керек. Себебі, руханияты мықты болмаса ел мықты болмайды».
Связанные истории
13.09.2024
517860