ОҚО түлкібастықтар Тіл мерекесін тойлауда. Бұл күні таулы шаһардың әсіресе, жастары белсенді. Атаның қаны, ананың сүтімен дарыған асыл тіліміздің мерейін өлең шумақтары арқылы асқақтатты. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырған бірқатар сала мамандары арнайы марапатқа қол жеткізді. Тіл – достықтың кілті, бірліктің бастауы, ұлттың жаны, әрі ары. Ол жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, уақыт өткен сайын өрістей түскен құндылық десек жаңылмаймыз. Тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамды ілгері дамытуы мүмкін емес. Түлкібастықтардың ортақ ойы осы. Жанар Бектаева — Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары «Ана тілін сүйген адам тұған жерін, елін кіршіксз сүйеді деген сөз. Ал бүның барлығы адам баласы үшін ең қасиетты ұғымдардың бірі». Жиын барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға ат салысқан 10нан астам азамат арнайы марапатталды. Аудандық әкімінің алғыс хаттарын алды. Бақыт Дәулетов — Түлкібас аудандық тілдерді дамыту орталығының директоры «Тілдерді қолдау және дамыту бағдарламасы аясында ауданымызда 2012 жылы тілдерді оқыту және дамыту орталығы ашылған. Бүгінгі таңда орталығымызда мемлекеттік тіл, орыс тілі жіне ағылшын тілдері оқытылып жатыр. Бүгінгі тілдер мерекесімен барлығын құтықтаймын, іс щара жақсы өтіп жатыр». Светлана Михаиловна – Түлкібас ауданының тұрғыны «22 қырқүек бәрімізге Ортақ болған маңызды мереке болып есептеледі. Әр бір тіл ол өзге бір әлем, халықтың тірі жаны, алтын қазына. Құрметке лайық емес тіл жоқ. Барлықтарыңызды тіл мерекесімен шын жүректен құтықтаймын. Әр қаншанда өз мемлекеттеріңізбен тілдеріңізді қадірлеп, қастерлеңіздер». Жиын соңында тіл жанашырлары құрметіне Түлкібастық өнерпаздар коңцерттік бағдарламасын ұсынды. Әннен шашу шашылып, жыр төгілген мерекеде ана тілдің айбыны, мемлекеттік тілдің мәртебесі үстем болды.
АРАЙЛЫМ Байзахова