![](https://saq.kz/wp-content/uploads/2024/01/cSyp34IKfXRAZ32yKNKT8oYAxlvEj1e7yPam1G5x.jpg)
ОҚО Отырарлықтар, баршаға ортақ, жалпы халықтық мерекеге айналған «Қазақстан халқықтарының тілдері күнін» атап өтті. Жергілікті өнерпаздарының қатысуымен«Мәңгілік елдің — мәңгілік тілі» атты салтанатты кеш өтті. Жиында азат елдің айбынды мақтанышына айналған ана тілі мен оны қадірлеу жайы әңгімеге арқау болды. Тіл – халықтың қазынасы. Ана тілін ардақ тұтқан елдің — болашағы айқын. Қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына. Тәуелсіздік алғандағы халқымыздың ең басты олжасы – тілінің қайта тірілгені. Бүгінде елімізде қазақ тілінің мәртебесін арттыру жұмыстарына жіті көңіл бөлініп, жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі шара соның айғағы. Қазақ тілі – ата-бабамыздан қалған баға жетпес асыл мұра. Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтап, таза ұстуы тиіс. «Ана тілі – ар өлшемі» Олай болса, тілді шұбарлау- арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Жиында айтылған негізгі ой осындай. Елбасы мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында өткен мерекелік шарада тіл мәртебесін көтеру, мәдениетін өркендетуде өзіндік үлес қосқан бір топ азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.
ПЕРИЗАТ Биназарқызы