Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында «Туған жер – алтын бесігім» облыстық фестивалі аясында Кентау қаласының ақыны, жазушы, Қазақстан Республикасының жазушылар Одағының мүшесі Рахым Балабиевке арнайы бөлме ашылды. Аталған кітапхана бөлмесінде жазушының шығармалар топтамасы жинақталған. Арнайы бөлме салтанатты түрде ашылды. Ақынның шығармашылығы келушілерге толыққанды таныстырылды. Алғашқы туындылары мен бүгінгі толысқан шақта жазған шығармаларын толық қамтылды. Рахым Базаргелдіұлымен шығармашылық кездесу өтіп, туындылары жайлы әңгіме қозғалып, ақынның сөздеріне жазылған әндер орындалды. Кентаулықтардың облыс орталығында өткен мәдени күндері тосынсыйларға толы болды. «Туған жер – алтын бесігім» облыстық фестивалі аясында, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласының күндері шеңберінде Әл-Фараби алаңында өткен ашылу салтанатында арнайы композитор Ерғали Шырынбековтің арнайы жазған «Туған жер» әні алғаш рет орындалды. Әні мен әуені үйлескен әсем туынды көпшіліктің көңілінен шықты. Кентаулықтардың көпшілікке әннен шашқан шашуы мұнымен толастамады. Фестивальге аса мұқияттылықпен дайындалған кентаулықтар көрермен көңілінен шықты.
Связанные истории
13.09.2024
517860