![](https://saq.kz/wp-content/uploads/2024/01/IDsugNALP5TsklYhkkKfMIqWTKHsWHtjqOe9RJNh.jpg)
«Жақсылар, дастан айтайық». Батырлар жырын жатқа айтудан «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесіне арналған 1-ші Оңтүстік Қазақстан облыстық жас жыршылар байқауы өтті. Салтанатты шараға аудан — қаладан іріктелген кіл мықтылар бақ сынады. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ұжымы тың жобаларды ұйымдастыруда көш басшы екені белгілі. Жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортқа тарту мақсатында жыл сайын қазақша күрестен дәстүрлі түрде турнир өткізіп келген болатын. Бірақ, бүгінгі байқаудың бәсі жоғары. Себебі, мектеп қабырғасында білім алып жатқан оқушылардың санасына батырларымыздың ерік жігерін, отан сүйгіштігін насихаттап, рухы мықты қайсар азамат қылып тәрбиелеп, әдебиетке деген қызығушылығын ояту. Байқау үш турдан тұрады. Алғашқысы, батырлар жырын жатқа айтса, екіншісі сұрақ – жауап, үшіншісі Қамбар батыр жырындағы көнерген сөздердің мәнісін айшықтау. Талап қатаң, үміткерлер жеребе бойынша жұптасып, Қамбар батыр жырын жатқа оқып, әділқазылар қойған белгілі бір оқиғасын айтуы тиіс. Кезі – келгенде, екіншісі алғашқысы тоқтаған жерден жалғастыруы керек. Үш рет сүрінген үміткер сыннан өте алмайды. Осындай талаптардың үдесінен шыққан. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Түркістандық Гүлжайна Елмұратова еншілеп 200 мың теңге сыйақыға ие болды. Ал оның ұстазы Майра Назарбекова темір тұлпарды иеленді .