Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында «Өлкеміздің дара тұлғасы» атты әдеби-мәдени кеш болып өтті. Басты мақсат Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру. Рухани жиын Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, 2016 жылдың үздік жазушысы аталамының иегері Құралбек Ергөбектің шығармашылығына арналды. Кешке қатысушыларға ең әуелі жазушы-журналистің өмірбаяны таныстырылды. Бірнеше шежірелік, тарихи-танымдық кітаптар шығарған Құралбек Жолдасұлы енді Елбасы мақаласында ұсынылған жобаларға тоқталып отыр. Қазақстанның киелі орындарының географиясын ауданның тарихи орындарын кейінгі ұрпаққа аманат ететін туындылар жазуда. Жиынға қатысқан аудандық мәслихат хатшысы Өріс Көпеев бүгінгі тұсауы кесілген «Ысмайыл Ата әулие» кітабы –уақыт талабына сай дүние екенін баяндады. Туған өлкедегі ұлық әзіз әулиелерді танытатын айрықша жинақ болып отырғанын жеткізді. Сарыағаш ауданында Боздақ деп аталатын биік қос төбе бар. Сексек (Сөксөк) Ата осы жерді мекен еткен. «Бұл қос кітапты жазып, жарыққа шығарудың мақсаты – Қазығұрт аймағынан шыққан тарихи тұлғалардың атын өшірмей, елге мәшһүр ету»,-дейді автор.
КЕНЖЕХАН Дүйсенбі