Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданында ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығымен бастауын алған «Еңбек күні» мерекесі үшінші рет үлкен салтанатпен аталынып өтті.
Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту мақсатында өткен шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, отырарлықтарды кәсіби мерекемен құттықтады.
Құттықтау сөзінде аудан басшысы: «Бұл мерекенің мақсаты – өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады.
Еңбек ету ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі – қоғамға пайдалы болу. Қазақ даналығы «Еңбек – бәрін де жеңбек» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан, ерінбей еңбек еткен адам оның бейнетін көрсе, міндетті түрде зейнетін де көреді деп ойлаймын» деп, еңбекте озат, ауданымыздың өркендеуіне өз үлесін қосқан бір топ азаматтарды Алғыс хатпен марапаттап, сый-құрмет көрсетті.
Ұлт аспаптар оркестрінің сүймелдеуімен ҚР Мәдениет қайраткері Маржан Танашова «Сәулем-ай» әнімен ашқан концерттік бағдарламаны аудан өнерпаздары жалғап, патриоттық әндерден шашу шашылды.
Связанные истории
13.09.2024
257634