Жуырда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмасы бойынша «Облыстың, аудан- қалаларында отбасының беделін көтеру, мәдениеттілікті, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау және қоғамның гендерлік мәдениетін арттыру бойынша іс- шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік маңызды жобасын іске асыру және Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі мүшелері «Жақсы дәстүр- отбасының тірегі» тақырыбында ОҚО Созақ ауданында қоғамдық ұйымдардың мүшелерімен, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Жиынды «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дана Маманова жүргізіп отырды.
Жиынның басты мақсаты қазақ халқының өз елінің тарихы, оның мәдениеті, ұлттық салт- дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары, жеке ұлттық- мәдени тамырлары туралы білімге деген мұқтаждығы, қазақстандық қоғамға мемлекеттегі отбасы мәртебесін жаңарту және нығайту бойынша сөз қозғап, отбасы мәртебесін көтеру, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында бақытты отбасы мүшелері өз жетістіктерінің қыр- сырламен, күнделікті тәжірибелерімен бөліседі. Аталған бағдарлама бойынша жүргізілген жұмыс бойынша күтілетін нәтиже, жиынға қатысып, бағдарламаны көрген әрбір азамат өз санасында отбасы мүшелеріне деген қадір- қасиетті дамытып, бірі-бірін бағалайды. Ашу- ызының тәрбиедегі кері әсерін түсініп, ұлттық мақтаныш, отбасы мәртебесі артады.
«Отбасы -шағын мемлекет». «Отан -отбасынан басталады» деп текке айтылмаса керек. Отбасы, жанұя деген қасиетті ұғымды әрбір жеке тұлға жүрегімен, жан дүнесімен сезініп, саналы түрде аса жауапкершілікпен қарауға тиіспіз.
Нұржамал МАЙУСОВА