Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласының күніне орай ұйымдастырылған «Шырайлы Шымкент» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Қала күні мерекесі қарсаңында өткен марапаттау шарасына қала әкімініӊ орынбасары Қайрат Нұртай қатыстып, арнайы марапаттады.
Байқауды қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасымен «ASSA» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Журналистер мен блогерлер арасында өткен байқауда 9 номинация сарапқа салынған болатын. «Әлеуметтік желілердегі Шымкент қаласы туралы үздік жарияланым» номинациясын Асхат Шотаев жеңіп алса, «Баспа басылымдағы үздік жарияланым» бойынша «Қазахстанская правда» газетінің ОҚО меншікті тілшісі Любовь Добротаға бұйырды. Ал, «Аймақтық деңгейдегі үздік жарияланым» номинациясын Мақсат Әссанди жеңіп алды. Жеңімпаздарға қала әкімінің дипломы және 100 мың теңге қаржылай сыйлақ табыс етілді. Осымен екінше рет ұйымдастырылып отырған байқаудың мақсаты бұқаралық ақпарат құралдарында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын насихаттау. Сондай-ақ, қаланың туристтік және инвестициялық әлеуетін насихаттайтын мақалалар жариялау, сюжеттер трансляциялау және әлеуметтік желелерде посттар жазу арқылы Шымкент қаласының имеджін қалыптастыру болатын. АЙГҮЛ ҚАПБАРОВА — ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ОҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ «Шығармашылық байқау ұйымдастырылса да ұйымдастырылмаса да біздің журналисттер Шымкенттің әрбір тыныс-тіршілігін жазып жүр, насихаттап жүр, көрсетіп жүр. Бұл бір жағынан журналисттерді шығармашылық жағынан шыңдап, өздерінің ізденімпаздығын, шеберлігін шыңдауға, көрсетуге үгіттейтін байқау деп ойлаймын».
НҰРСҰЛТАН Әбдірашит