Тұңғыш Президентіміз , Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты танымдық бағдарламасы бүгінгі өмірдің рухани тамырына қан жүгіртті. Ел елең етісті, зиялы қауым шынайы ниеттерін білдірді, отаншыл азаматтар оралымды пікірлерін қосты. Ақсақалдар абыройлы ой қозғады. Былайша теңеумен айтқанда бұл мақала жоғары ұлтттық идеологияның тұжырымдамасына айналды.
Биылғы жылдың тамыз айының басында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы О. Лештаев Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» атты жарқын ісін қолдау мақсатында аудан орталығындағы Сұлтанбек Қожанов атындағы музей ұжымымен ортақ ынтымақтастық келісімге отырған болатын. Меморандум шеңберінде музей ішінен аудандық сотқа арнайы бұрыш берілді. Арнайы бұрышта аудандық соттың арғы-бергі тарихы жазылып орналастырылды. Меморандум аясында сот ұжымы халық арасында болып, ел ішінде жатқан жәдігерлерді жинақтап музейге өткізуді бағыттап отыр.
Сонымен қатар, Созақ аудандық соттың аудан құрылғалы бергі тарихындағы шежіре фотосуреттерін жинақтауды да қолға алған болатын. Бүгінде ауылдар мен елді мекендерді аралап түрлі суреттер мен құнды жәдігерлерді жинақтауды жүзеге асыруда. Осы орайда еліміз болып атап өтіп жатқан тіл мерекесі құрметіне орай өткізілген аудандық шараға Созақ аудандық сот ұжымы мен С.Қожанов атындағы мұражай қызметкерлері де мерекеге белсене қатысты.
Бұл «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» мекемесі және орталық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен өткізілген «Тілегі бір, аспаны бір, тілі бір» атты мерекелік мәдени шараға аудандық сот төрағасы Нұрқазы Шетенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаментінің Түркістан аймағы бойынша ауданаралық басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Асқар Қорғанбаев, мәдениет бөлімінің басшысы Нұрғайша Балаубекова, ардагер журналист Есенбек Кенжеқараев, музей директоры Ниязәлі Дүйсенбеков, тіл орталығының директоры Гүлдана Биғондиева, аудандық «Ақ әжелер» тобы қатысты. Шара тартымды өтті. Мектеп оқушылары да тыңғылықты дайындалыпты. Шара барысында тіл жанашырлары ретінде аудандық сот төрағасы Нұрқазы Шетенов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаментінің Түркістан аймағы бойынша ауданаралық басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Асқар Қорғанбаевқа, музей директоры Ниязәлі Дүйсенбеков бөлім басшысының арнайы алғыс хаттары тапсырылды.
Мақсат ҚАРҒАБАЙ
Связанные истории
13.09.2024
257386