Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында Қала күнін атап өту барысында көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Қала күнін меркелеу барысында бұрын соңды болмаған жаңа жобалар қолға алынды. Жуырда ғана жастар сейілі өткен болатын. «Ауылдағы бір күнім» де ұлттық салт дәстүрімізге жақын игі жобалардың бірі. Ал бүгін 30 қыркүйек күні Қазақстанның «КИнЭС» рекордтар кітабының (Гиннестің рекордттар кітабының қазақстандық нұсқасы) жаңа рекорды тіркелді. Наурыз алаңында «Алтын дән» компаниясы Шымкент қалалық әкімдігінің қолдауымен 1136 келі бауырсақ пісірді.
Жаңа рекорд орнатылып, арнайы комиссияда тіркелгені жайлы сертификатты рекорд орнатушыларға ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тапсырды. Еске салайық, бұған дейінгі рекорд Алматыда тіркелген болатын. Онда 856 келі бауырсақ пісірілген еді.
Бауырсақты қаламыздың үздік 20 аспабы әзірледі. Рекорд жасау үшін 750 келі ұн, 400 литр май, 60 келі қант пен 150 литр сүт жұмсалды. Бір тоннадан астам бауырсақ 10 қазанда пісірілді. Ал салмағы арнайы қазанда өлшенді.
Ал рекорд тіркелген соң бауырсақ Шымкент қаласының логотипі бар қағаз қалталарға салынып, қонақтарға таратылды. Айта кетейік, қала күні мерекесіне 30 мыңнан астам адам қатысты.