Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс¬түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі»-деп атап өткен болатын.
Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша ОҚО Арыс қаласында «Дос Демеу» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Арыс «Алаш» қозғалысына 100 жыл толуына орай А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин шығармаларын оқып-білу, оларды кейінгі буын ұрпаққа насихаттау мақсатында «Азаттықты аңсаған-арыстарым ардақты» тақырыбында облыстық шығармашылық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты «Алаш» қозғалысының 100 жылдығын ел өміріндегі маңызды тарихи оқиға ретінде атап өту, рухани жаңғыру кезеңінде «Алаш» қозғалысы мүшелерінің шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын насихаттау, ел азаттығын аңсаған ұлт зиялыларының есімін мәңгі есте сақтауға үлес қосу, жас ұрпақты отансүйгіштікке, еліне, жеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу болып табылады.
Кітап сүйер 18 оқырман қатысқан сайыста, әділқазылардың шешімімен І-орынды Абай мектеп-интернатының оқушысы Әбдіраш Гүлназ, ІІ-орынды Ә.Жангелдин мектебінің оқушысы Қалыбай Салтанат, ІІІ-орынды Ж.Тәшенов мектебінің оқушысы Сұлтан Оразкүл иеленіп, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаз иелері қазан айының екінші онкүндігінде өтетін облыстық деңгейде өтетін байқауға жолдама алды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.