Түркістан облысы, Келес ауданындағы №1 О.Есімов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Жолдасбек Айтжанның 50-ден аса өнер туындысы бар. 3 жасынан бастап сурет салуға қызыққан талантты шәкірт 5-сыныптан бастап аудандық сурет үйірмесіне барады.
– Кішкентай кезімнен сурет салуға қызықтым. Сурет өнері – өнер атаулының ішіндегі асыл қазынамыз деп білемін. Сурет салғанда халқымыздың ұлттық дүниетанымына назар аударамын. Бұл өнер түрі жеке тұлға ретінде қалыптасуына мол септігін тигізеді. Жалпы болашақта архитектор болғым келеді. Осы салада еліміздің дамуына үлес қосу басты мақсатым, – дейді жас суретші.
Ол ұстазы Келестің қылқалам шебері Нұрлан Қалдыбаевтың жетекшілігімен бірнеше облыстық, республикалық байқауда жеңімпаз атанып жүр. Соның ішінде Ақтау қаласында өткен «Әбіш оқулары» республикалық байқауында иллюстрациялық сурет салу байқауынан 2-орын иеленді. Оған қоса Жолдасбек Айтжан Келес ауданында 2022 жылғы «Жылдың ең үздік қылқалам шебері» номинациясына ие болды.
Связанные истории
13.09.2024
291792