Қаладағы №2 Оқушылар сарайының «Жетіген» триосы
Түркияда бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған III Халықаралық «ART BAYTEREK» өнер-білім байқауының аспапта ойнау жанры бойынша бас жүлдеге ие болды.
–Байқауда түркі тілдес елдерден келген өнерпаздардың 40-қа жуық сахналық нөмірі көрсетілді. Біз 40-шы болып сахнаға шықтық. Көрерменнің қазақ аспабына деген ықыласы ерекше екені байқалды – дейді үйірме жетекшісі Г. Төлегенова.
Жетіген үйірмесіне қатысатын оқушылардың айрықша өнері қазылар алқасының да қошеметіне ие болды.