Шымкент қалалық өзбек драма театрында көрнекті драматург Дулат Исабековтің «Құстар фестивалі» атты драмалық қойылымы көрермен назарына ұсынылды.
Жасөспірімдерге арналған бұл спектакль өзекті әлеуметтік мәселелерді астарлы түрде көтеруімен ерекшеленеді. Қойылымда қоғамдағы әділетсіздік, теңсіздік, екіжүзділік және адам бойындағы түрлі мінез-құлықтар құстар бейнесі арқылы бейнеленген.
Аталмыш қойылымның режиссері Жавлон Сайитов адамзаттың ғасырлар бойы өзгермей келе жатқан кейбір келеңсіз қасиеттерін – байлыққа ұмтылу, өтірік пен қулық-сұмдыққа бейім болу, әлсізге әлімжеттік жасау – сахна тілімен шебер жеткізе білді.
Басты кейіпкерлер ретінде сахнада бүркіт, тоты, сауысқан, тауыс, әтеш және қарға сынды түрлі құстар бейнеленіп, олардың әрқайсысы адам бойындағы белгілі бір мінездің символына айналған. Мысалы, бүркіт – айбат пен үстемдікті, тоты – сұлулық пен әсемдікті, сауысқан – өсек пен әжуаға бейімділікті, ал қарға – ащы шындық пен дөрекілікке жақын мінезді білдіреді.