Шымкент қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғимаратында «Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблея хатшылығының ұйымдастыруымен өңіріміздегі 20 этномәдени бірлестік төрағаларының қатысуымен жиын өтті. Жиын барысында хатшылық меңгерушісі М.Қалмұратов Ассамблея жылындағы атқарылған іс-шараларды қорытындылай келе, 2016 жылға бекітілген жұмыс жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар, осы жылы атқарылатын іс-шаралардың барлығын «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» аясында, бекітілген желілік кестеге сәйкес өткізу жоспарланғандығы айтылды. Жиынға қатысушыларды желілік кестедегі Ассамблеяға қатысты іс-шаралармен кеңінен таныстыра отырып, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуге белсене атсалысуға шақырды. Жиын барысында этномәдени орталықтары төрағаларының атынан сөз алған түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асанов Елбасы Жарлығымен бекітілген 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай, Оңтүстік өңірін мекендеген 100 ден аса этнос өкілдері атынан «Қазақстан халқына мың алғыс!» монументін орнату жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты. Аталған монумент «Қоғамдық келісім» мекемесіне берілген бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры маңына орнатылмақ.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі