Бүгін Алматыда «Түркітілдес журналистер қоры»-ның ұйымдастыруымен «Кәсіби шеберлік және журналистика» атты семинар-тренинг өтуде. Медиа-тренерлер Стамбұл қаласынан келген Хедие Ероғлұ мен Лондоннан келген Ватан Өз тәжірибе алмасуда. Әрдайым журналистердің біліктілігін арттыруға атсалысып жүретін Нәзия Жоямергенқызының ұйымдастыруымен өтіп жатқан семинар-тренингтің берері көп. Сенсацияық хабар жасау, оқырман мен көрермен тартудың тың тәсілдерін тілге тиек еткен Ватан Өз веб портал арқылы қаржы табудың жолдарына кеңірек тоқталды. Ватан Өз медиа-тренер: «Ақпараттың анықтығын тексеру өте маңызды. Қандай жағдай болғанда да ақпараттың анықтығын тексеру қажет. Олай болмаған жағдайда гугл сайтыңызды тереңірек тексеріп 1 айдың ішінде қара тізімге іліктіреді. Қарапайым адам болсын, депутат болсын сайтыңыздағы ақпарат анық болса, үнемі сіздің сайтыңызға ғана кіретін болады. Бүгінгі журналист әмбебап болуы керек. Көптеген ақпарат агенттіктері бірнеше журналист ұстай алмайды сол үшін барлық жұмысты бір өзі атқарады. Ол үшін әрине жан-жақты болу қажет. Тіпті мәжбүр де. Бірнеше тіл білсе онда тіптен жақсы. Ол үшін көп еңбектену, кәсіби маман болу қажет» деді. Телеарна, радио, баспасөз саласында тәжірибесі мол Хедие Ероғлұның да айтар ойы, бөлісер тәжірибесі мол болды. Хедие Ероғлұ: «Оқырманның көңілін селт еткізердей тақырып қою да өнер. 20 миллионнан астам веб-сайттың алдына шығу үшін не істеу керек? Бейне хабар бергенде тек тақырып қойылса болғаны. Жақсы мақала 500, сурет 1000, ал бейне 10 000 адам жинай алады. Хабарға гугл 10 доллар төлесе, видеоға 100 доллар береді. Күлдіргі видеолар тез қаралады. Бүгінде фото журналистика алға шықты. Онлайнжурналистикада видеоны көп қолданамыз. Сурет көп болған сайын оқырман да көп болады. Түркияның астанасында ғана емес, тек аймақтарының өзінде 1 күнде 60 мың данамен сатылатын газеттер бар. Бурса, Ескі шақар, Хожайлыда 30,40,50 мың данамен сатылады. Біздің басты мақсатымыз халыққа қызмет ету, халыққа қажетті ақпаратты беріп отыру. Асфальт төселмеген әр жолға бас ауыртамыз, аймақтарға қажетті инфоқұрылмдарды жазамыз. Ешкімге ұқсамайтын ерекше хабарлар көп болған сайын оқырман да көп болады» деді. Шетелдік әріптестерден тәжіибе алмасу арқылы үйренеріміз көп әрине. Хедие ханым сондай-ақ телеарналардың, радионың баспасөздің хал ахуалынан көбірек мағлұмат берді.