Halyk Bank пен ХАТУ IT-мамандарды даярлаудың жаңа тұжырымдамасын ұсынды.
Бүгін Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (“ХАТУ” АҚ) Halyk Academy қоғамдық жобасы бойынша алғашқы зертхананың ресми ашылуы өтті. Бизнесті цифрландыру серпілісі Қазақстан үшін білікті мамандардың тапшылығын туғызды. Сондықтан Halyk Bank және халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (“ХАТУ” АҚ) Орталық Азияның ірі банкінің талаптарына сәйкес келетін бейіндік бос орындарға, сондай–ақ қажетті стэк технологияларға мамандарды даярлау бойынша бірлескен жобаны қолға алды.
Антон Мусин, Halyk Bank төрағасының бірінші орынбасары: “бұл алғашқы ауқымды және өте маңызды қоғамдық жоба. Біз жобаның балашағы мен тиімділігіне үміт артамыз. Болашақ мамандарды даярлау деңгейін арттыруға бағытталған, материалдық-техникалық базаны дамытуға белгілі бір үлес қосады, студенттерге озық банктік технологиялармен жұмыс істеу кезінде практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Halyk Academy қабырғасында студенттік стартаптар енді ауқымды жобаларға айналатынына сенеміз. Ал біздің бағдарламамыз студенттерді банк индустриясында IT-әзірлеуші маманы болуға ынталандырады“. Университетте Halyk Academy зертханасы ұйымдастырылды, оның негізінде банктік технологиялардың негізгі стэк орналастырылды. Halyk Bank негізгі платформалары – Homebank, Onlinebank, Camunda BPM әзірлеу құралдарына, бағдарламалау тілдеріне, шеңберлеріне қолжетімділікті ұсынды және студенттерге ыңғайлы болу үшін коворкинг зертханасының аймағы заманауи дизайнмен жасалды. Нұрлан Жәнібек, Microsoft корпорациясының Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі білім беру секторымен жұмыс жөніндегі басшысы: “бұл Halyk Bank, ХАТУ университеті және Microsoft ынтымақтастығы сын-тегеурінге дайын Банк пен нарық үшін сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және сертификатталған мамандарды даярлайды. Жоғары оқу орнының әрбір студентіне жәнеБанкке жаңа биіктерге жетуге көмектесетін бірегей және болашағы бар жоба іске қосылды“.Келесі оқу жылының басталуымен Halyk Bank және ХАТУ оқу бағдарламасы тректерінің бірлескен әзірлеушісі болады. Қазірдің өзінде оқу бағдарламасына трендтік технологиялар мен бағдарламалау тілдері енгізілген. Halyk Bank технологиялар стегіне Microsoft-тың Azure Lab Services бұлтты сервисін қолдану қамтамасыз етіледі. Студенттер нақты ортаға бейімделе отырып, дипломдық жұмыстарды дайындау кезінде Research&Development үшін банктік кейстер мен жобалар және бизнес бағыттарыбойынша жұмыс істейді.
Атаулы жоба Қазақстанда жоғары білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді және болашақта талантты жастарды Орталық Азияның ірі қаржы институты – Halyk Bank–те тағылымдамадан өту қамтамасыз етіледі. Банкте бірнеше жылдан бері HalykStart тағылымдама бағдарламасы табысты жұмыс істеп келе жатқанын естеріңізге саламыз.