Руханият Суреттегі жауынгер кім? Редактор 13.01.2022 13155 1 оқу мин Қаңтардың басында ел ішінде дүрбелең тудырған оқиғалар кім-кімнің болса да жүрегін ауыртты. Еліміз үшін алаңдап, көңіліміз жабырқап қалды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскерилерге қарсы жасалған қатыгез әрекеттер көңілге қаяу түсірді. Осы күндері интернет желісінде жауынгер мен кішкентай баланың суреті пайда болып, тез тарап кетті. Жып-жылы сурет. Қоғам жақсы қабылдады. Бейбіт жауынгердің бейнесі. Осы суреттегі жауынгерді іздестірдік. Ол – Ұлттық ұланның жауынгері екен. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6698 әскери бөлімінде қызмет ететін ефрейтор Шахрух Хасанов қаңтардың 4-і күні дабыл белгісімен қызметке келгенін айтады. Олар Шымкент қалалық әкімдіктің маңына қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне шыққан. Әйгілі сурет 7 қаңтарда түсірілген екен. Әкімдік алдындағы алаңда қызмет атқарып тұрған жауынгерге бір кішкентай балақай жүгіріп келіп, сәлем беріпті. Жауынгер де баланың қолын қайтармай, сәлемін алып, басынан сипап, әкесіне қарай жіберген. Әкесінің айтуы бойынша неше күн үйде қамалып отырған бала әбден зерігіп, далаға серуенге шыққанына қатты қуанған. Ал осы сәтті сол маңайда түсірілім жасап жүрген «OTYRAR TV» журналистері түсіріп алған. Ефрейтор Шахрух Хасановтың Ұлттық ұланда қызмет етіп жатқанына 10 жыл болыпты. Үйленген, екі ұлы бар. Ұлдары да әке жолын қуып, әскери боламыз дейді. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Астанада Өнер музейі ашылды 1 оқу мин Руханият Астанада Өнер музейі ашылды 10.10.2025 9899 ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ 10.10.2025 10488 ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДӘН МЕН ДӘМ» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 1 оқу мин Руханият ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДӘН МЕН ДӘМ» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 09.10.2025 12288