«Мәдени –мұра » Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен құрылған. 2003 жылы Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын,тарихи мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді,ұлттық мәдениетімізді түгендеп, жүйелеп,ғылыми – зерттеу жұмыстарын дамыту мен нығайту, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді,сындарлы түрде кірісу қажеттілігімен негізделген болатын.Міне осы аталған бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталғаны баршамызға белгілі. «Мәдени–мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат,стратегиялық ұлттық жоба болып кетті.Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып,39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи — мәдени және тарихи ескерткіштер мемлекеттік тізімге алынды.Мәдени-мұра бағдарламасының аясында, Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейі орналасқан Аппақ ишан мешіт-медресесінде де 2007-2010 жылдары қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.Шүкіршілік, егемен ел атанып, көгімізге көгілдір туымыз көтергелі бері жоғалғанымыз табылып,өшкеніміз жанып жатыр. Ел өмірінде елеулі орын алған ерекше перзенттердің еңбектері еленіп, жазғандары жарияланып жүр. Солардың қатарында есімдері ұмыт болып бара жатқан ақын Қазанқап Байболұлының өзіндік орны бар. Қазанғап Байболұлы- (1891-1945)- Қазіргі Оңтүстік Қазақстан Облысы Төле би ауданы Ұзынарық ауылында дүниеге келген – халық ақыны. Сайрам ,Ташкент, Шымкент медресесінде білім алған, бала оқытып, ұстаздық еткен.Жасынан ел ақындарын тыңдап, ауыз әдебиет үлгілерін бойына сіңіріп өскен. Ақындық суырып салма өнеріне жетілу барысында жыршылық жолына түсіп, қисса-дастандарды жатқа айтқан. 1934 ж.халық ақыны ретінде Қазақстан жазушыларының тұңғыш съезіне қатысқан. Осы жылдардан бастап баспасөз бетінде Қазанқап өлеңдері жиі басылып тұрды. Қазанғап «Еңсегей бойлы Ер Есім», «Төле бидің тарихы»,» «Өкірек найман туралы» деп аталатын тарихи жырлар мен «Сайыпжамал сұлу», «Шеризат-Күлшат» тәрізді махаббат дастандарын жырлап, ел ішіне кеңінен насихаттаған. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазанғап қамыққан елді жырымен демеп, рух беруші үгітші ақындардың алдыңғы сабында болды. 1943ж Алматыда өткен Ақындар айтысында Нартай Бекежановпен ақындық өнер жарыстырған өлең жолдары «Айтыс» жинағының 3-томында (1996) басылым көрді. Қазанқаптың дүниетанымы мен ой өрісінің кеңдігі, есте сақтау қабілетінің өте жоғары екендігінің дәләлі.Қазанғап жалпы өз өмірінде көлемді 8 шығарма жазған. Оның барлығын дер кезінде тиісті орындарға қолжазба күйінде тапсырып отырған.Атап айтсақ «Орта жүз Дауанасбай Өкірік Найман» дастанын 1934 жылы, «Египет ханы Абдулланың қызы Сайыпжамал» дастаны 1934 жылы, «Шеризат Кулшат» дастанын 1941 жылы, «Еңсегей бойлы ер Есім » дастанын, 1943 жылдың 2 қарашасында Отан соғысында ерен еңбегі үшін «Қарсыбай батыр » дастаны жарияланған.Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет громатасымен үш мәрте марапатталған. Міне осы жоғарыда аталған шығарма, дастан, өлең бәрі дерлік Қазанқап Байболұлының өзіндік орны бар ақын, жыршы, тарихшы шежіреші де екенін айтады.Тарихымыздың іргесінің кеңейуіне үлесін қосқан ақын- жазушыларымызды насихаттау үшін Шаян лицей жалпы орта мектебінің 9 «а» сынып оқушыларына, орталық кітапхана қызметкері С.Үсенова, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Әпековалардың қатысуымен, тәрбие сабағын музей қызметкерлері Ф.Ботабаева мен А.Қалаубаева ұйымдастыруымен өткізілді. Осы аталған іс-шара жас ұрпақтардың тарихи саналарының қалыптасуына септігін тигізер деген үміттеміз.
Фарида Ботабаева, Бәйдібек ауданы
сәулет-көркем музейінің
бас қор сақтаушысы