Бүгін Шымкенттегі облыстық қазақ драма театрында Қазақстанның халық артисі, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Айша Абдуллинаның 100 жасқа толуына арналған «Ғасырға ұласқан ғұмыр» мерейтойлық шығармашылық кеші өтті.
Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шығармашылық кешке Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов арнайы қатысып, өнер ардагерін еліміздегі 54 театр атынан құттықтады.
Сонымен қатар, Айша Абдуллинаны мерейтойымен Қырғыстан елі мен өзгеде облыстардан әріптестері құттықтай келген. Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының сахнасына 64 жыл ғұмырын арнап, 200-ден аса кейіпкерді сомдаған. Айша апай — К.Гальдони «Екі мырзаға бір қызметші» — Биатриче, О.Бальзак «Өгей шеше» — Гертруда, А.Островский «Жазықсыз айыптылар» — Гольчиха, Шекспир «Ромео-Джульетта» — Леди Капулетти, М.Әуезов «Қобыланды» — Құртқа секілді тарихи тұлғалармен қоса заманауи рольдерімен көрермен жадында сақталған.
Айта кетейік, мерейтой аясында «Облыстық театрлардың апталығы» ұйымдастырылып, 8 кәсіби театр облыс орталығында А.Абдуллина ойнаған спектакльдерді көрермен назарына ұсынған болатын.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі