Биыл өткізілейін деп отырған ҰБТ талаптары күшейтілді. Өткен жылы 1 тестіленуші, 1 компьютер, 1 камера ережесі бойынша жүргізілсе, биыл 1 тестіленуші, 1 компьютер, 2 камера ережесі қабылданып отыр. Сонымен қатар, тестіленуші арнайы Face ID мен металл тексеретін арнайы құрылғыдан өтеді. 2 рет грант ҰБТ – сын тапсыруға мүмкін бергендіктен, егер де 1- мүмкіндікте ереже бұзушылық болса, 2 – мүмкіндікке кіргізілмейді. Ал 2 – мүмкіндікте ереже бұзушылық байқалса 1 және 2-мүмкіндіктердегі балл жойылады. Сондықтан да, барлық тестіленушілердің мұқият назар салуын сұраймыз! Айгүл Тәңірберген, Екібастұз қаласы, «Зерде» мектебінің 11 «А» сынып оқушысы