Руханият «Үздік офицердің анасы» төсбелгісін 30-дан астам ақжаулықты ана иеленді Редактор 09.03.2023 11191 1 оқу мин Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен, Халықаралық Әйелдер күніне орай аналарға құрмет көрсетілген ерекше жиын өтті. Мерекелік шараға қызмет бабында ерлікпен қаза болған полицейлердің жұбайлары мен үздік офицерлердің аналары, полиция бөлімінің барша арулары қатысты. Жеке құрам жігіттері нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, қуантты. Ал полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбековтің бұйрығымен 34 қызметкердің анасына «Үздік офицердің анасы» төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ полиция бөлімінің қыздары мен қоғамдық көмекшілері де арнайы «Алғыс хат» алды. Іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты. Көктемнің ең жарқын мерекесінде аудандық өнерпаздар, адамзаттың асылы аяулы аналарға арналған әндерін әуелете шырқап, керемет көңіл-күй сыйлады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Астанада Өнер музейі ашылды 1 оқу мин Руханият Астанада Өнер музейі ашылды 10.10.2025 31800 ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ 10.10.2025 31504 ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДӘН МЕН ДӘМ» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 1 оқу мин Руханият ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДӘН МЕН ДӘМ» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 09.10.2025 35583