Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында Алланың жердегі екінші үйі атанған мешіттер көбейіп келеді. Осы уақытқа дейін ашылған мешіттердің саны бүгінде мыңнан асып кетті. Жуырда Көксарай ауылында жаңадан бой көтерген мешіттің ашылу салтанаты өтті. Мешіт «Садыр баба» есімін иеленген. Мешіттің ашылуына арнайы келген облыстың өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек өз сөзінде, мешіттің Алланың жердегі үйі екендігін айта келе, Құдай үйінің бос болмауын, бес уақыт азан шақырылып, жұртшылықты имандылыққа тәрбиелеу екендігін атап айтты. Және де мешіт айналасының көгалдандырып, абаттандырылуына да көңіл бөлуді жергілікті имамдарға тапсырып, мешітке Құран кәрім сыйлады. Сонан соң аудандық Мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов өз қаржысына мешіт салдырған жас кәсіпкер Жандос Қыдырбайұлы Байжановты әкесімен бірге ортаға шақырып, дүйім жұрттың алдында алғысын білдірді. Ауыл қарияларына шапан жабылып құрмет көрсетілген соң, облыстың өкіл имамы Ахметжан Пірәліұлы бастаған кісілер мешіттің ашылғанын жалпақ жұртқа жариялап, лентасын қиды. Жаңа мешіттің ішінде намаз оқылғаннан кейін, ұйымдастырушылар көпшілікті арнайы жайылған дастарханға шақырды. Имани орда мешіттер жас балалардың діни ілім үйреніп, тура жолдан адаспауы үшін қызмет етуі тиіс. Сондықтан да мұндай рухани ілім беретін ордалардың көптеп ашылуы артықтық етпейді.
Связанные истории
13.09.2024
274091