Бүгінде аға буын мен кейінгі жас толқын арасындағы алтын тінді жалғастыру мақсатында түрлі рухани азық боларлық кештер көптеп ұйымдастырылуда. Мұндай кештердің жастарға тәлім боларлықтай берері көп, әрине. Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы «Темірқазық» түнгі кітапхана клубында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 игі іс-шара» жобасы аясында «Мәңгілік Ел — ұлт руханиятының негізі» атты, жазушы, ғалым, профессор Бегман Ысқақпен кездесу кеші өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері құрметті ұстаз, профессор Ә.Мұсақұлов, ақын-жазушылар Қ.Көмек, А.Наурыз, К.Ахат, Облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Ш.Медеуов, сазгер Н.Үсіпәлиев, ОҚМУ оқытушысы А.Қонысбаева және клубтың мүшелері ОҚМУ,ОҚМПИ, Жаңа технологиялар колледжінің студенттері қатысты. Шара барысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, Қазақстанның жеткен жетістіктері туралы әңгіме өрбіді. Бегман Ысқақтың «Қазақ елі» кітабы таныстырылып, кітап жайындағы ой-пікірлерін ортаға салды. Жастарға өнеге боларлық өмір жолынан сыр шертті. Болашақ иегерлері яғни бүгінгі жас буынның жаман әдеттен жиреніп, жақсыны жастайынан бойына сіңіру қажеттігін де тілге тиек етілді. Қазақстанның білім саласының дамуына, еліміздің болашағы жастарды тәрбилеуде сүбелі еңбек сіңірген Бегман Ысқаққа, кітапхана тарапынан сый-сыяпат көрсетілді. Белсенді оқырмандар патриоттық тақырыптарда көркем сөз оқып, әннен шашу шашты. Алдағы уақытта мұндай кездесулер жалғасын таппақ.