Жуырда Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-9-10 сыныптарына «Керіағар діни ағымдардың психологиялық әдіс-тәсілдері» деген тақырыпта Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлім басшысы Ф.Тайтелиев семинар өткізді. Семинарды Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Қ.Абдрахманова жүргізіп отырды. Семинар барысында діни экстремизм, радикализм және терроризм жайында түсінік ақпарат берді. Сонымен қатар, қазіргі таңда орын алып жатқан діни экстремизм және терроризмнің түрлерін, себептері мен зардаптарын да атап өтті. Діни экстремизм мен терроризм әрекетіне қарсы тұрып, радикалды идеялар мен террорлық әрекеттерге қарсы иммунитет қалыптаструдың ең негзі құралы білім алу, жанжақты болу, беріліп жатқан ақпаратты саралап, дәйекті дәлелдерді іздеу, зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру керек екендігін айқындады. Өз сөзінде Ф.Тайтелиев экстремизм мен терроризм дамыған жағдайда тұтас мемлекеттің жойылуына әкеп соғатынын дәлелдеді. Сонымен қатар, керіағар діни ағымдардың адамдарды өз қатарларына тарту әдістері мен олардан сақтану жолдары кеңінен түсіндірілді. Сөз соңында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Өзіңнің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады» деген сөзімен аяқтап, жасөспірімдерге тек қана терең білім алу арқылы радикалды топтардан алшақ жүріп, террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеуге болатынын атап өтті. Сонымен қатар оқушылардың көкейде жүрген түрлі сауалдарына жауап беріп, тиісті кеңестер берілді.