Жуырда Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылында орналасқан «Жұмақыз ана» бөбекжай балабақшасында «Тәрбие кілті –еңбекте» атты аймақтық семинар ұйымдастырылды. Аталған шараға мектепке дейінгі мекемелерден 80-ге жуық қызметкер қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Бұл балабақшаның өзгелерден өзгешелігі көп. Өйткені, мұнда бүлдіршіндер тек оқып, үйреніп қана қоймай, уақыттарының бір бөлігін еңбектенумен өткізеді. Яғни, түрлі өсімдіктерді өздері егіп, оны күтіп-баптаумен айналысады. Топырағын қопсытып, оған су құйып үйренсе де баланы жастайынан еңбекқор болып өсуіне көп септігін тигізері сөзсіз. Семинар барысында қатысушылар үшін арнайы психологиялық ойындар ұйымдастырылып, озат тәрбиешілердің озық тәжірибесі дәріптелді. Мұндағы 150 балғын үш тілде тәрбиеленеді. Оңтүстік Қазақстан облысының әр ауданынан жиналған тәлімгерлер үйренеріміз көп екен десті. Бүгінде облыс бойынша билік пен бизнес әріптестігі негізінде бала тәрбиелейтін 200-ден астам балабақша бар. Осы мекемелердің тәжірибелерін алдағы уақытта облыстағы барлық мекемеге ендіру жоспарланған. Мұнда балалардың бақша ауласындағы кішкене ғана жерге еккен мақтасы бүгінде түйіндеп гүлдеп тұр екен. Кішкентай балғындар оны шитінен бастап, күтіп баптап өсірген, бүгінде теруге дайын тұр. Бұл да болса балаларды жастайынан еңбекке баулып, жалқаулыққа бой алдырмай өсуіне оң ықпалын тигізері анық.
Связанные истории
13.09.2024
273967