Руханият ТАЙҚАЗАННЫҢ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛҒАНЫНА 34 ЖЫЛ! Редактор 18.09.2023 15184 1 оқу мин 1989 жылы 18 қыркүйек күні дәл осыдан 34 жыл бұрын еліміздің тарихи жәдігерлерінің жауһарына айналған тайқазан Түркістан қаласындағы Ясауи кесенесіне қайта оралған болатын. 1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі Эрмитажға Иран шеберлерінің III халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы қыркүйектің 18 жұлдызында ғана тарихи отанына оралады. Бұл істе мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің сіңірген еңбегін айрықша атап өткен жөн. Алты ғасырлық мұра Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазандық бөлмесінде орналасқан. Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25-маусымда Түркістан қаласының батысындағы Қарнақ елді мекенінде асыл металдардың қоспасынан құйылған. Салмағы — 2 тонна, сыйымдылығы — 3000 литр. Қазандағы үш қатар жазудың біріншісінде оны Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Астанада Өнер музейі ашылды 1 оқу мин Руханият Астанада Өнер музейі ашылды 10.10.2025 7986 ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ 10.10.2025 8703 ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДӘН МЕН ДӘМ» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 1 оқу мин Руханият ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДӘН МЕН ДӘМ» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 09.10.2025 10630