Руханият ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ ҚЫЗ ЖЫЛЫЖАЙДА ЕРЕКШЕ ГҮЛ ТҮРЛЕРІН ӨСІРЕДІ Редактор 03.11.2023 40604 1 оқу мин Келес ауданындағы №11 «Жолбасшы» жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Данабек Айкөркем үй гүлдерін өсірумен айналысады. Жылыжайда қазіргі таңда 10-ға жуық үй гүлдерінің түрлерін баптап отырған дарынды оқушы биология пәні мұғалімінің жетекшілігімен арнайы зерттеу де жүргізіп жатыр. – Тараз қаласына жолым түскенде жылыжайда өсіріліп жатқан ботаника бағында гүлдің мыңдаған түрі мен сортына куә болдым. Табиғаттың сәнін келтіретін, әлемге сұлулық сыйлайтын гүлді өсіру оңай емес. Ол өскеннен кейін емес, өскенге дейін де ерекше күтімді қажет етеді. Гүл өсіру үшін оның әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген жөн. Қалай өсіру керек, қандай материалдар қажет? сынды түрлі сұраққа гүл өсіретін шағын жылыжай шаруашылығымен айналысатын Бахтияр Исмаилов есімді ағамның жылыжай шаруашылығында өз тәжірибемді арттырдым, – дейді еңбекқор қыз. Айкөркемнің айтуынша, гүл өсіру үшін кем дегенде үш-төрт ай, ал кейде жарты жыл уақыт қажет екен. Алдағы уақытта өз тәжірибесін достарымен бөлісіп, олардың да гүл өсіруге деген қызығушылығын арттырмақ. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қаламгер мұрасы ұлықталды: Ұлттық кітапханада Қалихан Ысқаққа арналған жиын өтті Руханият Қаламгер мұрасы ұлықталды: Ұлттық кітапханада Қалихан Ысқаққа арналған жиын өтті 16.09.2025 5712 Қазақстанда республикалық «JARQYRA» кастингі басталды 1 оқу мин Руханият Қазақстанда республикалық «JARQYRA» кастингі басталды 14.09.2025 8993 Түркістанда «VOICE BEYOND HORIZON» халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды 1 оқу мин Руханият Түркістанда «VOICE BEYOND HORIZON» халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды 12.09.2025 9151