Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты «Шымқорған» балабақшасында қазан айында“Серуенді ұйымдастырудың тиімді жолдары”тақырыбында аймақтық практикалық семинар өткізілді.Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты “Шымқорған” бөбекжай-балабақшасы Шұбарсу елді мекенінің Энергетик массивінде орналасқан. Балабақша мектепке дейінгі жастағы балаларға 2011 жылдың 1 шілдесінде өз есігін айқара ашты. 2016-2017 оқу жылында балабақшада 9 топ жұмыс істеді. Барлық бала саны — 250. Балалар санының көптігіне қарамастан балабақшада балалардың жан-жақты дамуына,оқу-әдістемелік және тәрбиелік мәні бар шараларды өткізуге балабақшада барлық жағдай жасалған. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу-көрнекілік құралдары жеткілікті. Әр топта оқу қызметі мемлекеттік стандарт пен жаңа типтік бағдарламаға сәйкес балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жоспарлы және күнделікті өткізіледі. Балабақша ұжымында меңгеруші, әдіскер, психолог, 18 тәрбиеші, 9 тәрбиеші көмекшісі, саз жетекші мен кіші қызметкерлер өз жұмыстарын жүйелі атқарып келеді.Балабақша күн тәртібіндегі ең маңызды іс-шараның бірі –серуен. Тәрбиешілер 5 білім беру салаларын кіріктіріп, серуеннің кезеңдерімен байланыстыра отырып және түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өте қызықты да тиімді іс-шараларын көрсете білді . Семинар “Елім менің –Қазақстан” атты сазды бағдарламамен толықтырылып,пікір алмасып, қорытындылаумен өз мәресіне жетті. Семинарға Бадам, Бөржар, Шұбар, Шұбарсу ауыл округтеріндегі балабақша қызметкерлері қатысты.Келген қонақтар үлкен әсер алып, өз ризашылықтарын білдірді.