Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында мектепке дейінгі білім беруді заманауи технологияларды қолдану арқылы жетілдіру. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік құзреттілігін қалыптастыруда М.Монтессори әдісінің элементтерін қолдану. Бала өмірін қорғауға, денсаулығын нығайтуға, ойлау мен қиялының қалыптасуын эстетикалық талғамы мен эмоционалды сезімдік саласының дамуына ықпал ету, қол моторикасын дамыту. Табиғатты сүюге, қорғай білуге, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Балабақшада ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, балалардың танымдық қабілетін арттыру» тақырыбында облыстық семинар білім бөлімінің жылдық жоспарына сай өз деңгейінде өтілді. Семинарға Шымкент, Арыс, Кентау, Түркістан қалалары мен Отырар, Бәйдібек, Сайрам, аудандарының білім бөлімінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, балабақша әдіскерлері, балабақша тәрбиешілері, психологы, музыка жетекшілері барлығы – 77 қызметкер шақырылды. Алты топта ұйымдастырылған оқу қызметі жоғары деңгейде өтілді. Бүлдіршіндер өз өнерлерін келген қонақтарға тарту етті. Қонақтар өздерінің алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей «Балапан» бағдарламасы бойынша Ордабасы ауданында бірінші болып жеке кәсіпкер Сыздыкова Ақмарал Молдахметқызының басшылығымен 2010жылы 16 шілдеде «Арайлым» балабақшасы екі топ 40 баламен жұмыс бастады. Балабақшада тәрбиешілер, қосымша хореогроф, саз жетекшісі, ағылшын тілі сабақтарының жүргізушілеріде білікті мамандар. Балабақшаның алғашқы екі жылының өзінде балабақша ұжымы үлкен жетістіктерге жетті. 2011 жылы бала саны 40тан, 150 балаға жетті. Балабақша ғимаратында 9 топ бөлмесі және әр топта жатын бөлме бір ас бөлмесі, кір жуу және төсек-жайма сақтайтын бөлме қызмет атқарады. Әр топта ойын, спорт бұрышы бар. Олар балаларға керекті құрал-жабдықтармен безендірілген.Балабақша ауласында 7 ойын алаңдары бар. Олар ойын құралдарымен толық жабдықталған. «Арайлым» балабақшасында оқу-тәрбие жұмысын 24 педагогтардың барлығы да жоғары білімді. Басшы – 1, әдіскер – 1, саз жетекшісі – 1, хареогроф – 1, психолог – 1, медбике – 1, орыс тілі маманы – 1, ағылшын тілі маманы – 1, тәрбиеші – 24, тәрбиеші көмекшісі – 9.Білім бойынша: 2011-2012 оқу жылдарынд балабақшада «Баланың тілдік танымын айналамен, қоршаған әлеммен таныстыру арқылы дамыту» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. 2011-2012 оқу жылында аудандық «Айгөлек» фестивалында Бейсенова Ақнұр атты тәрбиеленушіміз ауданда бас жүлдені иеленіп, облыста бірінші орынды алды. Ата-аналар мен тәрбиешілер арасында тығыз байланыс бар, соның нәтижесінде тәрбие мен білім жүйесі толық жолға қойылған. 2013- 2014 оқу жылында бала саны 260-қа жетіп, қосымша топтар ашылды. 2014-2015 оқу жылында дайындық топ тәрбиешісі Таймырзаева Мақпал аудандық аудандық «Жыл тәрбиешісі» сайысына қатысып, «Жыл үздік тәрбиешісі» атағын иеленіп, аудан әкімінің құнды сыйлығымен марапатталған.2016-2017 оқу жылында аудан аралық «Ең үздік бастырма» сайысында балабақша III-орынды иеленді. Қазіргі таңда 9 топта 260 бала білім алып тәрбиеленуде. Білім беру жүйесінің сапасын арттыру мақсатында «Арайлым» балабақшасының тәрбиешілері заман талабына сай жұмыс жасауда. Еліміздің ертеңгі тірегі бала үшін тәрбие мен білімнің жетістіктерін бүлдіршіндерге ұғындыру біздің басты мақсатымыз.
Досқара Гүлраушан Мақұлқызы,
Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері.