Британ инженерінің қазақ даласы туралы жазған туындысы жарық көрді.
Алматыда британ инженері Нельсон Феллдің «Русия һәм көшпелілер. Қазақ даласы туралы хикаялар» кітабы жарық көрді. Бұл кітаптың жарыққа шығуына белгілі баспагер Бақытжан Бұхарбай мен меценат Дулат Тастекей себепкер болды.
Былтыр жыл соңында кәсіпкер әрі белгілі қоғам қайраткері Дулат Тастекей: «Бақытжан, бір кітапты бірлесіп шығарайық» деген ұсыныс тастаған болатын. Дулат ағам жетекшілік ететін Assyltas қорының қолдауымен 1905 жылы қазақ даласына келіп, қазіргі Қарағанды облысындағы мыс кеніштерін сатып алып, мыс қорыту зауытын басқарған британ кәсіпкері Феллдің таңғажайып этнографиялық жазбаларын тұңғыш рет қазақ және орыс тілдеріне аударып шығарып отырмыз. Бұл еңбек алғаш рет 1916 жылы Лондон және Нью-Йоркта басылған – деді Б. Бұхарбай.
Туынды 1905 жылы Орыс-жапон соғысы өршіп, революциялық тербеліс жағдайында тұрған Ресей империясының құрамындағы қазақ даласында орналасқан кеніштердің бірін сатып алған британ тау-кен инженері, «Спасск мыс кендері» әсіпорнының басқарушысы Нельсон Феллдің Дала өлкесінде өткен жылдары туралы естеліктері қарапайым баяндау тілімен және шынайылығымен оқырманды бірден баурайды. Дала халқының ерекше болмысы, табиғатпен үйлесімді өмір сүруі, риясыз пейілі, дәстүр ғұрыптары Батыс өркениетінің өкіліне ерекше тартымды көрініп, қызықты әңгімелеріне арқау болады. Автордың көрген-білгендерін сол кездегі көшпелілердің тұрмысын етене танытатын этножазбалар деуге әбден лайық Н. Аяптегі.