Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістер төңірегінде түрлі әңгімелер көбейіп тұр. Жер кодексімен мұқият танысып шыққан адамға бәрі де түсінікті деп ойлаймын. 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстан азаматтары үшін ауылшарушалығы жерлері аукционға шығарылмақшы. Біріншіден Жер кодексіне енгізілген өзгерістер өз азаматтарымыздың жерге деген қызығушылын арттырып, жалға алған жерін жеке меншікке 10 жыл көлемінде 50 пайыз жеңілдікпен алуға рұқсат беріп отыр. Жерде еңбек етем деген шаруаға бұл тиімді мүмкіндік деп ойлаймын. Мен өзімнің ауылда 9,5 гектардай жерім бар. Осы жерден табыс тауып, бала шағамызды асырап отырмыз. Алдағы уақытта мал басын көбейту, ауылшаруашылық техникаларын жаңарту жоспарда бар. Бұл жерден табыс тауып қана қоймай, оны экспортқа шығарамын деушілер үшін жақсы мүмкіндік болар еді. Үкімет тарапынан да жыл сайын шаруаларға қолдау көрсетіліп келеді.
Жалпы мен Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қолдай отырып, алдағы 10 жылдықта еліміздің алдыңғы қатарлы ауылшаруашылығы тауарларын экспорттаушы елдер қатарынан көрінетініне сенемін. Ауыл — қазақтың алтын ұя бесігі. Ауылымызды көркейтіп, жерімізді тоздырмай, жаңа технологияларды пайдалана отырып еңбектенсек, еңбектенген жерде қалмайды.
Амантай Байдуллаев, Шардара ауданы,
Ақшеңгелді ауылдық
округі «Нұрила» шаруа
қожалығының төрағасы