Саясат МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 4 ЖАҢА АБТОБУС БЕРІЛДІ Редактор 28.03.2023 18736 Түркістан облысы Мақтаарал ауданының мектептеріне 4 жаңа автобус беріліп отыр. Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов оқушыларды тасуға арналған көліктердің кілттерін мектеп директорларына тапсырып, көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады. «Балаларымыз шалғай елдімекендерде тұруына қарамастан, мектепке өз уақытында барып, сапалы біліммен қамтылуы керек. Осы мақсатта облыс әкімінің бастамасымен «Балаларды тасымалдауға арналған автобустарды сатып алу» инвестициялық жобасы аясында ауданымызға 4 автобус беріліп отыр. Аталған көліктер тасымалданатын оқушыларымыздың игілігіне жарай берсін!» — деді, Бақыт Насырханұлы. Автобустардың кілті Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан М.Тоқжігітов жалпы орта мектебінің, Атакент кентінде орналасқан А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің, Бірлік ауылдық округінде орналасқан Береке жалпы орта мектебінің және Достық ауылдық округінде орналасқан М.Ғабдуллин жалпы орта мектебінің директорларына табысталды. Жалпы М.Тоқжігітов жалпы орта мектебіне 132 оқушы, А.Байтұрсынов жалпы орта мектебіне 81 оқушы, Береке жалпы орта мектебіне 82 оқушы және М.Ғабдуллин жалпы орта мектебіне 60 оқушы көрші елдімекендерден тасымалданады. Мемлекет тарапынан берілген 4 жаңа автобус арқылы жалпы саны 355 оқушы білім ұясына қатынайды. Айта кетейік, Мақтаарал ауданы бойынша 9 елдімекеннен жалпы саны 560 оқушы мектептерге тасымалданады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 14036 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 39531 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 42723