Саясат МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 4 ЖАҢА АБТОБУС БЕРІЛДІ Редактор 28.03.2023 30828 Түркістан облысы Мақтаарал ауданының мектептеріне 4 жаңа автобус беріліп отыр. Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов оқушыларды тасуға арналған көліктердің кілттерін мектеп директорларына тапсырып, көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады. «Балаларымыз шалғай елдімекендерде тұруына қарамастан, мектепке өз уақытында барып, сапалы біліммен қамтылуы керек. Осы мақсатта облыс әкімінің бастамасымен «Балаларды тасымалдауға арналған автобустарды сатып алу» инвестициялық жобасы аясында ауданымызға 4 автобус беріліп отыр. Аталған көліктер тасымалданатын оқушыларымыздың игілігіне жарай берсін!» — деді, Бақыт Насырханұлы. Автобустардың кілті Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан М.Тоқжігітов жалпы орта мектебінің, Атакент кентінде орналасқан А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің, Бірлік ауылдық округінде орналасқан Береке жалпы орта мектебінің және Достық ауылдық округінде орналасқан М.Ғабдуллин жалпы орта мектебінің директорларына табысталды. Жалпы М.Тоқжігітов жалпы орта мектебіне 132 оқушы, А.Байтұрсынов жалпы орта мектебіне 81 оқушы, Береке жалпы орта мектебіне 82 оқушы және М.Ғабдуллин жалпы орта мектебіне 60 оқушы көрші елдімекендерден тасымалданады. Мемлекет тарапынан берілген 4 жаңа автобус арқылы жалпы саны 355 оқушы білім ұясына қатынайды. Айта кетейік, Мақтаарал ауданы бойынша 9 елдімекеннен жалпы саны 560 оқушы мектептерге тасымалданады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 1 оқу мин Саясат Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 01.10.2026 5698 Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 1 оқу мин Саясат Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 01.10.2026 4733 Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 10458