Саясат Президент «ALLUR КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы А.Лаврентьевті қабылдады Редактор 04.04.2023 6266 1 оқу мин Мемлекет басшысына компанияның машина жасау саласын дамыту, инженерлердің біліктілігін арттыру және шетелден инвестиция тарту жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Президентке бүгінде 6 мыңнан астам отандасымыз еңбек етіп жатқан өндіріс орындары мен компанияның перспективті жобалары туралы баяндалды. Қостанай қаласында оңтүстік кореялық Kia корпорациясымен бірлесіп, Kia автомобильдерін шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталады. Сонымен қатар Андрей Лаврентьев білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Компания Қостанай автомобиль көлігі колледжінде техникалық мамандықтарды мемлекеттік тілде оқытатын курс ашты. Студенттерді дуальді оқыту жөнінде оқу орындарымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Allur жоғары инженерлік мектебі ашылды. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде отандық машина жасау саласын дамытудың маңыздылығын, жергілікті инженерлердің және техникалық мамандардың біліктілігін арттырудың өзекті екенін атап өтті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 220257 В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 1 оқу мин Саясат В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 18.02.2025 252045 Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 1 оқу мин Саясат Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 18.02.2025 260762