Саясат Президент «ALLUR КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы А.Лаврентьевті қабылдады Редактор 04.04.2023 14141 1 оқу мин Мемлекет басшысына компанияның машина жасау саласын дамыту, инженерлердің біліктілігін арттыру және шетелден инвестиция тарту жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Президентке бүгінде 6 мыңнан астам отандасымыз еңбек етіп жатқан өндіріс орындары мен компанияның перспективті жобалары туралы баяндалды. Қостанай қаласында оңтүстік кореялық Kia корпорациясымен бірлесіп, Kia автомобильдерін шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталады. Сонымен қатар Андрей Лаврентьев білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Компания Қостанай автомобиль көлігі колледжінде техникалық мамандықтарды мемлекеттік тілде оқытатын курс ашты. Студенттерді дуальді оқыту жөнінде оқу орындарымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Allur жоғары инженерлік мектебі ашылды. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде отандық машина жасау саласын дамытудың маңыздылығын, жергілікті инженерлердің және техникалық мамандардың біліктілігін арттырудың өзекті екенін атап өтті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 1 оқу мин Саясат Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 01.10.2026 5698 Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 1 оқу мин Саясат Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 01.10.2026 4733 Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 10458