Саясат Шетелден қаржыландырылатын ұйымдармен жеке тұлғалар туралы Редактор 22.09.2023 10946 1 оқу мин 2023 жылдың 20-шы қыркүйек айында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 29-бабының 3-тармағын негізге ала отырып «Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті алушылардың тізілімін» өзінің интернет-ресурсында жариялады. Аталмыш тізімде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша 240 еліміздегі түрлі бағыттағы үкіметтік емес ұйымдар, жеке тұлғалар, комерциялық қомпанияллар және басқа жергілікті ұйымдар көрсетілген. Жалпы 2018 жылдан бастап Салық кодексінде шет мемлекеттерден, шетелдіктерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақша немесе өзге де мүлік алған адамдар үшін Мемлекеттік кірістер органдарына есептілік беру туралы талап енгізілді. Осы норманы іске асыру мақсатында Қаржы министрлігі тиісті қағидаларды бекітіп, тізілімде шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың атауы мен сәйкестендіру нөмірлерін (БСН/ЖСН) көрсетуде (20.02.2018 ж. №240 бұйрық). Салық кодексінің 30-бабына сәйкес салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер және оның атауы салық құпиясы болып табылмайды. Тізілімге енгізілген тұлғалардың толық тізімін https://kgd.gov.kz/ru/content/reestr-lic-poluchayushchih-dengi-i-ili-inoe-imushchestvo-ot-inostrannyh-gosudarstv батырмасы арқылы қарауға болады Атап өтсек, 2022 жылғы 20 ақпанында Салық кодексіне шетелден қаржы алған тұлғалардың тізілімін жариялауды көздейтін тиісті заңнамаларға түзетулер енгізілген болатын. Бұл шара азаматтардың заңды тұлғалар мен үкіметтік емес ұйымдарға сенім деңгейін арттыруға бағытталған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 35502 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 61967 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 68544