«Әлеуметтік желі тегінде… рухани орда мәртебесін түсіре алмайды». Осылай деген «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері облыстық кітапханалар жұмысына жаңашылдық енгізу бойынша ақылдасты. Арнайы топ: «тарихи құнды кітаптардың оқырманын көбейту үшін веб-сайт арқылы жиі жарнамалау тиімді», — дейді. ОҚО дағы «Мирас» қоғамдық кеңесі бұл жолғы жиынды келелі мәселелерден емес, кеңестің ішкі тәртібінен бастады. мәдени шараны өткізудің мақсаты да өзгеше. Мархабат Байғұт – жазушы «Егер қоғамдық жұмысқа қатысқысы келмесе, істегісі келмесе, біз «Нұр Отан» партиясының филиал төрағасына талап қоямыз. Ол адам жұмысқа ынтасы болмаса қызметіне де лайық емес». «Кітапхана жұмысына жаңа технологияларды ендіру және ақпарат кеңістігін дамыту» тақырыбында өткен отырыста оқырман санын арттыруға байланысты ұсыныс-пікірлер айтылды. Заман талабына сай түрлі әлеуметтік желілер арқылы оқырманға жағдай жасау маңызды делінді. Бұл тұста бір ғана «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының тәжірибесі жетеді. Ұжым Веб-сайт арқылы оқырман санын биыл 1000 адамға арттырған. 3 млн-ға жуық халқы бар өңірімізде бүгінгі таңда 423 кітапхана елге қызмет етеді. Оның 5-еуі облыс орталығында орналасқан. Жалпы кітап қоры — 7 млн. 200 мың дана. Кітап оқуға әсіресе, жас буынды тарту жұмыстары қызу жүріп жатыр.
КЕНЖЕХАН Дүйсенбі