Бүгінде аса шығын шығармайтын көлік ретінде велосипедпен жүруді қолай көретіндер көп. Әрі денсаулыққа да пайдалы. Велосипедті салауатты өмір салтын қалыптастыру құралы ретінде насихаттау жұмыстары жүргізілуде бүгінде. Жуырда Шымкентте «Shymkent bike» жобасы іске асырылған болатын. Велосипедті жаппай қатынас құралына айналдыру мақсатында. Осы жоба аясында шаһарда 40 велосипед станциясы орнатылды. Олардың басым бөлігі халық көп жүретін жерлерде орын тепкен. Қала көшелерінде арнайы жүретін жол да қарастырылған. Дегенмен, тұрғындардың басым бөлігі велосипедтер жайында хабардар болғанмен, пайдалану ережелерімен бейтаныс. Велотұрақта тұрған көлікті қалай алу керек, қаржыны қалай төлеу жағын таныс еместер баршылық. Дегенмен көпшілік жаппай велосипед мініп кетпесе де, оны пайдаланушылар қатары аз емес. Әсіресе жастар жағы кешкілік серуенге таптырмайтын көлік деп отыр. Велосипедті пайдалану үшін арнайы абоненттік төлемдер қарастырылған. Бір айға мың теңге, жыл бойына он мың теңге төлеп жалға алуға болады. Одан бөлек, қажетіңізге қарай сағаттап пайдалануға да мүмкіндік бар. Ол үшін арнайы орталыққа келіп, келісімшартқа отырасыз. Осыдан кейін, станциядағы велосипедтерді пайдалануға болады. Ә дегенде бұл жобаның қараңғы жағы да қарастырылған. Яғни, көлік құралын жоғалту немесе мерзімінен кешіктірілген жағдайда айыппұл төленеді. Мамандар велосипед тебу денсаулыққа аса пайдалы екендігін айтады. Бүкіл дене қимыл-қозғалыста болатындықтан велосипед тебу ағза үшін өте пайдалы. Дәрігерлер атпен серуендеу қандай пайдалы болса, велосипед де одан қалыспайтынын айтады. Экологиялық жағынан таза, денсаулыққа пайдалы, қалтаға қонымды қатынас құралына қызғушылар қатары артып келеді. Бұл жобаны Шымкент қалалық әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ бірлесе отырып, жүзеге асырған. А.С.Пушкин атындағы кітапхананың алдында, орталық саябақта, әкімшілік-іскерлік орталығының алдында, қалалық әкімдік, «Имран» сауда орталығының алдында орналдасқан. Алдын ала есептелгендей, велостансалар алдағы уақытта «Нұрсәт», Ордабасы алаңы, облыстық аурухана, Назарбаев зияткерлік мектептері, т.б., 40 аялдама маңына орналасады. орнатылған велотұрақтардың қызметін пайдаланушылар қатары күннен күнге артып келеді. Жобаның әуелгі жоспары бойынша 200м велосипед сатып алынды. Жыл аяғына дейін тағы да 40 станса ашу жоспарда тұр. Бүгінгі күннің өзінде 10 станса жұмыс істеп тұр. Ал қала орталығындағы көшелерді қамту бірінші кезекте тұрған мәселе. Велостансаны іске қосқан елімізде әзірге екі-ақ қала болып тұр. Астана бірінші орында болса, Шымкент екінші орында келеді. Велостансаларды көбейту мәселесінде туындап отырған кедергілер де жоқ емес. Соның ең бастысы веложол салу, қауіпсіздік мәселелері шешу алдыңғы кезекте тұр. Расында көлігі көп қалада қатарласа велосипед тебу тым қауіпті. Ал тротуарда жаяу жүргіншілерге кедергі болатыны тағы анық. Сондықтан да шетелдердегідей веложолдар салу кезек күттірмес мәселе. Қолдау көрсетуге лайық бұл жоба қаланың велоспорт инфрақұрылымын дамытуына зор үлес қосары сөзсіз. Сондай-ақ, велотуризмнің дамуына да тағы бір белеске көтерері анық. Заманға сай жасалынған керемет қозғалыс құралы Франциядан әкелінген. Артықышылықтары көп. Көшеден кім көрінген үптеп кетпейтіндей әрі кез-келген адам мініп кете алмайтындай барлық жағы қарастырылған. Оны пайдалану үшін әуелі келісім-шарт жасалады. Жоба жетекшілерінің айтуыншав төлем картасының бір жылдық төлемақысы – 11 500 теңге. 10 000 теңге жол жүру құны болса, 1 000 теңге тікелей картаның өзіне, 500 теңге пайдаланушының балансы болып есептеледі. Көлік құралын пайдаланатын төлем картасын сатып алған жағдайда арнайы PIN-код беріледі. Іске қосылғаннан соң коммуналдық велосипед жарты сағат тегін қызмет көрсетеді. Әрі қарай әрбір сағатының құны – 100 теңге. Бұл жобаның тағы бір артықшылығ ы көлік кептелісінің азаюына көп септігін тигізбек. Жанармай бағасы мыңқұбылып тұрған шақта қаржы үнемдеуге де сеп. Бүгінде көлік міну дәрежеңді көрсететіндей соншалықты сән емес. Ол тек қана А пунктінен Б пунктіне жеткізуші құрал ғана. Ал велосипед тебу денсаулыққа өте пайдалы әрі үнемді. Бүгінде жастар арасында сәнге айналып жаппай қолданысқа ене бастады.
Дәулет Бейімбет