Әлеумет Әрбір қылмыстың өтеуі – жаза Редактор 16.06.2022 2437 1 оқу мин Полицейлер жүргізушінің телефонын жымқырған жолаушыны ұстады Өзгенін мүлкін жымқырып пайда таба қаламын дейтін теріс пиғылды жандар ақырын ойлап жатпайды. Әрине ұрлық үшін заң басынан сипамайды. Күні кеше ғана ұялы телефон ұрлаймын деп құрыққа ілікті. Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық полиция бөліміне ер адам арызданды. Оның айтуынша «Opel vectra» маркалы автокөлігінде «Samsung A-11» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 80 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастырып, ақпараттар жинақтады. Нәтижесінде күдіктінің жергілікті тұрғын екендігі белгілі болды. Анықталғандай күдікті ер адам жүргізушінің көлігіне жолаушы болып мінеді. Көлігінің арты орындығында тұрған ұялы телефонға көзі түседі. Жүргізушінің байқамай тұрғанын пайдаланып, ұрлық қылмысын жүзеге асырған. Ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып жібермек болған. Алайда тәртіп сақшыларының тиянақты жұмысының арқасында күдікті дер кезінде құрықталды. Ер адамнан айғақты зат ретінде ұялы телефон алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Пайдакүнемдік мақсатпен бөтен мүлікті жасырын ұрлау қылмыс болып саналады. Әрбір қылмыстың өтеуі – жаза екенін естен шығармайық. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Алтын қолды дәрігер… 1 оқу мин Әлеумет Алтын қолды дәрігер… 15.05.2024 3664 Қауіпті аурумен күресудің жаһандық стратегияларын жақсартуға көмектеседі 1 оқу мин Әлеумет Қауіпті аурумен күресудің жаһандық стратегияларын жақсартуға көмектеседі 15.05.2024 2560 Патронаждық медбикелердің еңбегі зор 1 оқу мин Әлеумет Патронаждық медбикелердің еңбегі зор 15.05.2024 1960