Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Оңтүстіктің аруы анықталды

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-05-27

Қазақта бет біткеннің ажарлысын сұлу деп атайды. Ал ақылына көркі сай хас сұлуды ару деп әспеттейді. Бұл жолғы байқаудың көздеген мақсаты да сол күнгейлік нағыз аруды анықтамақ. «Оңтүстік аруы-2017» байқауын осы уақытқа дейін түрлі жобаларды жүзеге асырып, әрдайым игі істердің басы қасында жүретін «Даму» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Бұл сайыс дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келе жатқаны белгілі. Бұл жоба Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының  «Жастар ресурстық орталығы» КММ тапсырысы бойынша жүзеге асырылып отыр. Бір бірінен өткен хас сұлулар Облыстық жастар ресурстық орталығының акт залын нағыз өнер мерекесіне айналдырды. Қыздарға арналған сайыстың мақсаты – жастардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыта отырып, өнерге, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеуді көздейді. Қазақтың бойжеткені ертең ұрпақ өрбітетін ана ғана емес, ұлттық салт-дәстүрлерді берік ұстанатын, тәлім тәрбиенің бастауы болатын тұлға. Олар әдеттегідей сахнада өздерін таныстырып қана қойған жоқ, сұлулығы мен өнерін де ортаға салды. Бұрымдылар үй шаруасына ептілігін, тұрмыстағы тіршілікке бейім екендіктерін де байқатты. Сәлемдесуден басталған сайыста қыздардың өздерін таныстыруы сынға салынса, одан соң білімдерін сарапқа салар сұрақ - жауап бөлімінде қазақтың салт –дәстүрлері бойынша сауалдарға жауап берді. Облысымыздың түкпір-түкпірінен келген жас арулар түрлі тақырыптарда сайысқа түсіп, өз бақтарын сынады. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда, тұлпардан тұлпар озар шабысқанда» демекші, сайыс болғасын барлық шарттардан үздік шыққан білімді аруларымыздың арасынан жеңімпаздар марапатталды.  Бас жүлдені Кентау қаласынан келген аруымыз алса,  1-ші орынды Сарыағаш, 2-ші орынды Отырар ауданы, 3-ші орынды Арыс ауданынан келген сұлуларымыз өз қанжығаларына байлады.

 

 

 

 

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Там 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

8

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея