Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: shymkenttv.kz

Үстел теннисінен облыс біріншілігі басталды

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-29

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы №6 Шымкент қалалық теннис мектебінің ұйымдастыруымен 2003-2009 жыл туылған жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі басталды. Үш күнге жалғасатын жарыста 200-ге жуық спортшы өзара бақ сынап, үздіктерін анықтайтын болады. Бұл мектепте 250-ден астам жасөспірім үстел теннисінен үйірмеге қатысады. Олар - ойынды кәсіби түрде меңгергендер. Қатысушылар бұл сайыс талай өреннің  осы ойынға деген қызығушылығын арттырады деген пайымда. Иә, бұл мектепте теннис үйренемін деушілерге қолдау мықты. Қазіргі таңда жеткен жетістіктері де жетерлік. Жуырда ғана Алматы қаласында өткен 2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатында  жалпы командалық есепте 1-ші орын тұғырынан көрінген. Сондай-ақ, маусым айында 2006 жылы туылған жас жеткіншектер ҚР чемпионатында командалық есепте үздік атанған . Жарысқа Жетісай, Сарыағаш, Түркістан, Төлеби, Сайрам аудандарынан жалпы саны 170 жас теннисші қатысуда. Олар  3 күн бойы кім мықтыны анықтайтын болады. Жарыс қазанның 1 күні өз мәресіне жетеді. Ал, жарыс жеңімпаздары қазанның 11  мен 19 күні Қарағанды қаласында өтетін ҚР чемпионатына жолдама алады.

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит  

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Май 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея