Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: saq.kz

«Фиат Балила» «Жат» фильміне түскен

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2018-03-25

Күні кеше Шымкенттегі орталық алаңда ретро көліктер фестивалі өтті. көне көліктердің көрмесіне Өзбекстаннан, Тараз қаласынан автоәуесқойлар келіп қатысты. Олардың көрмеге қойған көліктері расында көз қарықтырады. Келушілердің назарына ұсынылған көліктердің ішінде өткен ғасырдың 30-шы жылдарын еске түсіретін «Фиат Балила 508» көлігін қызықтаушылар көп болды. Тараз қаласынан келген Марат Есқожаевтың көлігі қаншама уақыт өтсе де әлі өңін жоғалтпаған. Бұл көлік қатардағы қарапайым көлік емес. Киноға түскен көлік. Егесінің айтуынша «Жат» фильміне түсіру үшін аттай қалап алдырған екен. Көлік иесі Есқожаев нағыз автоәуесқойдың өзі. Бұл көлікті 2010 жылы сатып алыпты. Жинауға 5 жыл уақытын жұмсапты. Кеткен шығында есептемеппін дейді өзі. Қолдан құрастырылғаннан кейін сатуға көзі қимайтындығын да қоса айтты. Автоәуесқойлардың көзқұртына айналған көлікті киноға, клипке түсіруге шақырып, қолқалайтындар көп көрінеді. Тойға да қызмет көрсетеді…Көлік егесінің өзі де ретро стильде киінген. Баста шляпа, 30 — шы жыл стильіндегі көстөм шалбар. Аяқта Чарли Чаплиннің заманын еске түсіретін ақ, қара түсті туфли. Көлігінің заманымен үндесіп тұр. Көне де болса жаңа көлік расында жұтынып тұр. 1932 жылы шығарылған деуге қимайсың. Автокөлік десе ішкен асын жерге қоятын тараздық кәсіпкер бұдан басқа көне «Запарожец», «Москич» көліктері бар екендігін айтып қалды. «Бұл көлікті 2010 жылы сатып алдым. Өзім құрастырып шықтым. Трассадағы жылдамдығы сағатына 60/70-ті құрайды. «Фиат Балила 508» Италияда шығарылған. Балиланы италян тілінен қазақшаға аударғанда оқ деген мағынаны білдіреді. Оқтай зулаған жүрісі де жайлы. Көрмеге екінші рет келіп отырмын. Алматы, Бішкектегі ретрофестивальге қатыстық. Барлық байқаудан бірінші орын алып жатырмыз» дейді мақтанышпен. Расында мақтанса мақтауға тұрарлықтай.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Мау 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея