сурет: Inbusiness.kz
Жуалы аудандық соты көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар көлік құралын басқару фактілері бойынша 2 азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 істі қарады (ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі). 2026 жылдың тамызында «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» тас жолында полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлерімен 2 көлік құралын тоқтатты.
Азамат А. «Hyundai» автокөлігінің нөмірін матамен жауып тастады. Түсіндірмесінде ол мұны айыппұлдан құтылу үшін жасағанын түсіндірді. Азамат Ә. «Toyota Alphard»-қа басқа мемлекеттік нөмірді орнатты. Ол автокөлік алып-сатумен айналысатынын түсіндірді: жаңа көлік сатып алғаннан кейін сатушы оған орнатылған нөмірді алып кетті, сондықтан Шымкентке жету үшін ол өзінің бұрынғы нөмірін уақытша орнатты. Кінә хаттамалармен, тараптардың айғақтарымен және полиция қызметкерлерінің есептерімен дәлелденген.Екі құқық бұзышы да өз кінәсін толық мойындады.
ӘҚБтК 590-бабы 4-бөлігінің санкциясы 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуды және 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруды көздейді. Сот кінәні мойындауды жеңілдететін мән-жай ретінде анықтады. Ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталмады. Сот қаулыларымен азамат А.-ға 1 тәулік мерзімге, ал азамат Ә.-ға. — 2 тәулікке қамауға алу тағайындалды. Екі жүргізуші де 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Сот қаулылары заңды күшіне енді.
