Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: khabar.kz

Түркістаннан Түркияға аттанды

1118 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2015-09-28

Киелі Түркістан қаласында орын тепткен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті әрдайым игілікті істердің бастаушысы. Оқу ордасында орын алған қандай да бір шара болмасын, тек білім алушы жастардың пайдасы үшін жүзеге асады. Бүгінде университетте 8 000-ға жуық студент білім алса, оның 1 200 студенті Түркі дүниесінен келген жастар. Олар мұнда білімнің қайнар бұлағынан қанып ішіп, тәжірибелерін алмасуда. Көпке үлгі болып келе жатқан оқу ордасы өз миссиясына тән жыл сайын түркі әлемінің 15 елінен студенттерді университет қабырғасына қабылдайды. Мұнда түбі бір түркі жұртынан келген 28 ұлт пен ұлыстың  жастары білімдерін толықтыруда. Болон үдерісіне енген әлемнің жоғарғы оқу орындары арасында академиялық ұтқырлық бойынша студенттер алмастыру бүгінде жолға қойылып, үлкен маңызға ие болып отыр. Студенттер  алмастырып оқыту бұл екі ел арасындағы ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылуда. Өз кезегінде оның көптеген артықшылықтары бар. Жастардың тіл үйренуге деген талпынысы артады. Шетелдік тәжірибемен бөліседі. Білімін арттырады... Болон үдерісіне Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті де енген. Шетелдік студенттерге терең білім мен тағылымды тәрбие беріп келе жатқан оқу орны жыл сайын шетелдік үздік оқу орындарына білімгерлерді жіберіп келеді. Оның қатарында Түркия Республикасының Хажеттепе, Нежметтин Ербакан, Акдениз, Гази, Эржиес, Жумхуриет, Дүзже, Кырыккале, Диджле, Ялова, Р.Т.Ердоган, Ушак, Мустафа Кемал, Йылдырым Беязит, Абант Иззет Байсал, Карабюк, Кастамону, Ардахан, Ахи Эвран, Бурса Улудаг, Сакарья университеттеріне, сонымен қатар Польша еліндегі Лодз университеттері секілді үздік саналатын шетелдің  25 жоғары оқу орындарында ағылшын және түрік тілінде білімдерін жетілдіреді. Олар бір жыл бойы аталмыш оқу орындарында дәріс алатын болады. Түркі елдерінде білім алушылардың негізгі мамандақтары медицина, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, жаратылыстану мамандықтары болып отыр. Шетелде ұтқырлық бойынша білім алуға тілек білдіргендердің қатары көп болды. Биыл оқу орнының 4 000 студенті іріктеуге ниет білдірген болатын. Қатаң талап пен қағидаттардан өте алмағандар аз болған жоқ.  Нәтижесінде 400-ге жуық студент 2015-2016 оқу жылында Мәулана, Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдің беделді оқу орындарында 1 жыл бойы білім алатын болды. Жуырда ғана білімді, оқуға деген ынтасы жоғары 400 студентті оқу орны салтанатты түрде шығарып салды. Енді олар аталған жоғарғы оқу орындарында еліміздің атына кір келтірмей, оқуда озат болады деген сенім бар. 

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен Түркі Кеңесінің V саммитінде сөйлеген сөзінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін Түркі әлемінің ортақ оқу орнына айналдыруды ұсынған болатын. Сапала білім мен саналы тәрбие беруде бүгінде көштің алдына шыққан оқу орны алдағы аз ғана уақытта көздеген межеден көрінетіні анық.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

2022-05-27: Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті 9 0

2022-05-27: Түркістан облысында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарысы өтті 18 0

2022-05-27: АРЫСТА БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ 27 0

2022-05-27: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ 23 0

2022-05-27: «AMANAT»: ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРАЙ 10 000 ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ 27 0

2022-05-27: Новые возможности инвестиционной активности 35 0

2022-05-27: Этот шаг будет способствовать еще большему сближению двух братских стран 25 0

2022-05-27: Казахстан готов в полной мере исполнять все обязательства и совместно реализовывать важные проект 36 0

2022-05-27: В Новом Казахстане большое значение будут иметь стратегические партнерские отношения с соседями 27 0

2022-05-27: По итогам официального визита в Кыргызстан президенты двух стран дали свои оценки на брифинге 24 0

<=Май 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

7

8

10

28

29

30

31

Галерея