Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: shyn.kz

Жастармен жарқын болашаққа...

1772 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2015-09-28

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарла ауданының 360 мыңға жуық тұрғыны бар болса, соның 30 пайызға жуығы жастар. Негізінен мақта шаруашылығымен айналысатын, аграрлық салада асығы алшы ауданның жастары да алғыр, кәсіпкерлікке барынша бейім. Жоқтар бар жасап, бардың берекесін кіргізіп жүр. Әйтеуір екі қолға бір күрек таппай сандалып жүргендері сирек. Мектеп жасынан мақта терімімен айналысып, жастайынан еңбектің дәмін татып өскен аудан жастары қай істе де алғы лекте. Олардың білім мен спортта, өнер, жеке кәсіпкерлік саласында жеткен жетістігі жоғары. Осылайша барлық салада алғы шептен көрінетін мақтаралдық жастар еліміздің одан әрі өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Жуырда ғана үздік отыздыққа жетелейтін «100 нақты қадам» атты маңызды құжатты мақтаралдық  жастар қызу қолдайтындарын білдіріп, үлкен жиын өткізді.  Ел болашағы үшін аса маңызға ие жобаны жастар жан-жақты талқылап өз ойларымен бөлісті. Ел ертеңі жастарға жүктелген міндеттің салмағын сезініп,  алда атқарылар істің жай-жапсарымен танысып, өз ойларын ортаға салды. Мақтаралдық жастар сөзден гөрі нақты іске, саннан гөрі сапаға баса мән береді. Еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін өз үлестерін қосуға дайын. Ол үшін білімдерін жетілдіріп, қоғамдық мәселелерді шешуге білек сыбана кірісіп жүр.  Жастар саясатына қатысты күн түсуі тиіс көлеңкелі тұстардың тамырына қан жүгіртуді де бір сәт естен шығармақ емес. Алдағы уақытта да жастарға қатысты қандай да бір мәселе туындай қалса жастар біріге отырып, бас қосып талқыламақ ниетте. Мұхтар Бейсенбаев, «Жастар орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры: «Алдағы уақытта «Жастар орталығы» мен «Жас Отан» жастар қанатымен біріге отырып шалғай шетте жатқан ауылдардағы жастармен бірлесе жұмыс істемекпіз. Қай түкпірде болса да жастар мәселесі назардан тыс қалмайды. Олардың қандай да бір мәселесі туындаса соған орай кешенді жоспар жасап, жүзеге асыру жолдарын қарастырып жатырмыз» дейді. Қандай да бір мерекелік іс-шара болсын оны қызықты етіп өткізу жастардың өз қолында. Сондықтан да мақтаралдық жастар заманауи форматтарын таңдайы отырып, думанды кештер өткізіп жүр. Бұрынғы сораптан шиырлап шықпауды мақсат тұтпай қалай да жастардың бар ықыласымен қатысуы үшін нешетүрлі жаңашыл идеяларымен қуантып жүр. Жасырары жоқ бүгінде жастардың кейбірі ұзын-сонар баяндама тыңдағысы жоқ. Оның орнына ұялы телефонын шұқылап, «әлемді» кезіп кететіндер көп. Бітіп болмайтын баяндамалардың орнына дебат ұйымдастыру қызықты өтіп жүр. Флеш-моб өткізу де бүгінгі жастардың көңілінен шығып жүр. Сондықтан да жаңашыл жобаларға  жастар жаппай қолдау көрсетуде.

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

2022-05-27: Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті 9 0

2022-05-27: Түркістан облысында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарысы өтті 18 0

2022-05-27: АРЫСТА БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ 27 0

2022-05-27: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ 23 0

2022-05-27: «AMANAT»: ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРАЙ 10 000 ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ 27 0

2022-05-27: Новые возможности инвестиционной активности 35 0

2022-05-27: Этот шаг будет способствовать еще большему сближению двух братских стран 25 0

2022-05-27: Казахстан готов в полной мере исполнять все обязательства и совместно реализовывать важные проект 36 0

2022-05-27: В Новом Казахстане большое значение будут иметь стратегические партнерские отношения с соседями 27 0

2022-05-27: По итогам официального визита в Кыргызстан президенты двух стран дали свои оценки на брифинге 24 0

<=Май 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

7

8

10

28

29

30

31

Галерея